Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көше бойында орналасқан дәмханалардың бірінде үстел үстінде тұрған «ОРРО» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап әкеткенін жазған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сайрам АПБ КПБ-нің қызметкерлерінің «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өту барысында күдікті азаматшаның жергілікті тұрғын екені анықталды. Тәртіп сақшылары камералардан бақылап, тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан тауып, АБ-ға жеткізді. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және құнды заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Қымбат ұялы телефондар, ақша және құнды заттарды көпшілік алдында көрсетпей, оларды сөмкенің ішінде немесе киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда, тез арада полицияға «102» телефон нөмірі арқылы хабарласқаныңыз жөн.