• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қыркүйек, 2020

Бидай мен ұн қайда экспортталады?

987 рет
көрсетілді

Қазір еліміздегі астық алқабының 93,4 пайызы орылып, қамбаға 18 млн-нан астам астық құйылды.

Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары екенін және гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жиналғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3 млн тонна астық түсті, бұл 2019 жыл­ғы осындай мерзімде астық қа­был­дау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп.

«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүм­кіндік беретінін атап өткім келеді», деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ АШМ басшысы отан­дық бидай мен ұн қай елдерге экспорталатынын атап өтті.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізі­лім­дері дәстүрлі түрде Орталық Азия елдері мен Ауғанстан нарығы­на жолданатын болады», деді С.Омаров.