Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2020 жылғы астық өніміне келесі сатып алу бағаларын белгіледі:
Зиянкестердің зақымдауына жол берілмейді.
Басқа көрсеткіштер бидай бойынша ҚР СТ 1046-2008, арпа бойынша ҚР СТ 2119-2011 стандарттарына сәйкес келеді.
Сатып алу бағасы форвардтық сатып алу бойынша қайтару үшін және бидайды тікелей сатып алу үшін белгіленген.
Азық-түлік корпорациясы ағымдағы жылы бағдарламаны орындау нәтижелері бойынша 2021 жылы форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізетін болады.
Сатып алу бағасын белгілеу кезінде сатып алу бағасының келесідей болу қажеттігі көзделген:
1) саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін рентабельділік деңгейі бар фермердің шығыстарын жабу үшін жеткілікті болуы керек;
2) Ресейдің шекаралас облыстарындағы бағалармен баға тепе-теңдігін сақтауды ескеруі керек;
3) ұнға, нанға, сондай-ақ құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуін тежеуі керек;
4) дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуі керек.