• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2020

Тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеле бастады

228 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері 1,2 млн-нан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша электронды үкімет порталы арқы­лы тіркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тіркелуді жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Рес­пуб­­ликасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметіне сұраныс екі есеге жуық өскені байқалады.

Өткен жылдың сәйкес мерзімі ішінде көрсет­кіш түбегейлі басқа болған. ХҚО арқы­лы 2,1 млн-нан астам қызмет алынса, 726 мың тіркеу электрондық үкімет порталында жүзеге асқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемле­кет­тік корпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуі COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағ­дай кезінде халыққа қызмет көрсету орта­лықтарының жабылуына байланысты.

«Пандемия электронды қызметтердің дамуына үлкен серпін берді. Егер бұрын үлкені де, кішісі де қарапайым анықтамалар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретін болса, карантин жағдайын­да денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мем­ле­кеттік қызметтерді өз бетінше онлайн түр­де ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қыз­мет алуға келетін мемлекеттік қызметтер­дің бір­ың­ғай провайдері ретінде бізді қуан­­­тып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделі қыз­меттерді ұсыну мүмкіндігі жасалуда», деді Ә.Балташева.

Egov.kz электронды үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін өті­ніш берушінің және жылжымайтын мүлік иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тіркелуші азамат өтініш жасап, мүлік иесі оны растауы қажет. Тұрғындарды тіркеу қызметін «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімінен табуға болады.

Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бо­йынша тіркеу қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қыз­мет­керлері жүзеге асырады. Бұл халыққа қыз­мет көрсету орталықтарының жұ­мыс кес­те­сіне сәйкес тіркеу қызметтерін ұсы­нуға мүм­кіндік берді, яғни таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сондай-ақ көші-қон полициясының деректер базасына тіркеу мүмкіндігі бар қызметкерлердің санын көбейтіп, осы қызмет түріне кезекті азайтты.