• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Кино 24 Қыркүйек, 2020

Екі бірдей кинофестивальға қатысады

150 рет
көрсетілді

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдарының бірі – 36-шы халық­аралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негіз­гі байқауы шеңберінде өтеді. Бұл туралы кинотуын­дының креа­тив продюсері Юлия Ким хабарлады.

«18 килогерц» – бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.

«18 килогерц» – ересек­тер естімейтін дыбыс жиі­лігі. Фильм жасөспірім­дер­­­­дің проблемаларына­ ар­нал­­­ған... Есейген са­йын жас буынның қиын­дық­­тарын түсіну қиындай беретіні анық. Өзіміз де жасөспірім болдық, кей­бір проблемалар шешіл­мейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шы­ға­тын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болады. Біз­дің фильм сол кездерді еске алу үшін арнайы түсіріл­ді», деді ре­жиссер Фархат Шәріпов. 

Фильмнің түсіру жұ­мыстары Алматы қала­сында жүргізілді. Басты рөлдерде Мұсахан Жұма­хан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со секілді жас актерлер ойнады.

Әлемдегі ең беделді ки­­но байқаулардың бірі – Вар­шавадағы халықаралық кино­фестиваль негізі 1985 жылы қаланған болатын. Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының федерациясы шешімімен 2009 жылы бұл фестивальға «А» санаты берілген болатын.

Биыл коронавирус ін­деті салдарынан дүние жү­зінде орын алған ауыр жағ­дай­ға қарамастан Варшава ки­но­фестивалі қазанның 9-ы мен 18-і аралығында әдет­те­гі­­­­дей дәстүрлі форматта өте­ді.

Одан бөлек, отан­дық «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі фес­­тивальдардың бірі – қа­зан­­ның 21-і мен 30-ы ара­лығында өтетін 25-ші Халықаралық Пу­сан ки­нофестивалінің (BIFF) кон­курстық бағдарла­масына қатысады. Кино­туынды «Азиялық киноға терезе» (A Window on Asian Cinema) атты бағдарл­ама­сында көрсетіледі.