• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2020

Төрт жасар «полицей»

647 рет
көрсетілді

Индер ауданында тұратын төрт жасар Санжар Сәрсенбайдың арманы – полицей болу. Қазір «Айналайын» ба­­лабақшасына барып жүр. Осын­­­­­­­­дағы «Мен өскенде кім бо­ламын?» жо­­­­ба­сына қа­ты­сады. Ж­а­қын­­­да аудан­дық поли­­­ция бөліміне арнайы киіммен ке­ліп, бо­лашақ ма­ман­дығының қыр-сырына қанық­ты.

– Мен өскенде полиция қызметкері боламын. Өйт­кені полицейлер тәртібі нашар адамдарды ұстап алып, біздің тыныштығымызды кү­зетеді. Бәріне көмектеседі. Сон­дықтан полиция бөлімінде жұмыс істейтін ағалармен та­нысқым, оларды көргім келді, – дейді кішкентай «полицей» Санжар.

Оның отбасында 3 ұл, 1 қыз бар. Әкесінің жеке кәсібі бар. Ал анасы – дәрігер. Полиция бөліміне ертіп келген ағасының айтуынша, Санжар – уәдесінде тұратын қайсар бала. Тәртіп сақшысы болуға құл­шынысы да зор.

Полиция бөлімінің қыз­меткерлері Санжарды қуана қарсы алды. Олар полиция қызметкерлерінің жұмысы, бұл мамандықтың қиындығы мен қауіпті сәттері туралы әңгімелеп берді. Көшедегі жол белгілерімен, қоғамдық тәр­тіпті сақтау мақсатында жүк­телген міндеттермен таныс­тырды.

 

Атырау облысы