• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2020

Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді

238 рет
көрсетілді

Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, – деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды, онда, рұқсат етілген тінту кезінде, бес жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар төрт бөшке (80 литрден астам), сондай-ақ 100 гр. “Мефедрон” тәркіленді. Оны 1976 жылы туған К.есімді азаматтың тобы жүргізді.

– Осылайша, біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойып қана қоймай, сонымен қатар, заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертханаларды құруға арналған материалдарды тәркіледік. Жоғарыда аталған үйдің аумағында тінту жүргізгенде, ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр табылды және тәркіленді. Үйдің екінші қабатын тінту кезінде жатын бөлмесінде ерекше иісі бар полиэтилен пакетінде тұрған екі ұнтақты зат, магниттік араластырғыш (зертханалық, электрлік) тәркіленді. Сондай-ақ, бөлмеде жаңа бес магниттік араластырғыш, бес электронды таразы, бес электронды сорғы, түрлі зертханалық колбалар және көптеген басқа да зертханалық қондырғылар болды. Екінші қабаттың қылтимасын тінту кезінде 1 пакет “100 гр” деген жазуы бар ақ түсті, иісі бар, ұнтақ зат тәркіленді, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ затта және заттың пластик карточкада қабатталуында мефедрон – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының тізіміне енгізілген меткатинон психотроптық затының аналогы бар.Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. К.азамат қамауға алынды.