Күршім ауданы, Ұранхай ауылына 24 қыркүйекте қар жауып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алтайға әдетте қыс ерте түсіп, көктемі кеш шығады. Бірақ қыркүйектің ішінде қар басып қалмайтын. Ұранхай ауылына түскен қар мөлшермен бес-он сантиметрдей. Ауа температурасы -2° градус.
Жалпы бұл ауылдың қысы қатал. Қазақстандағы аяз ең қатты ауыл - Шанағатты да осы жақта.