Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, биылғы 8 айда 159 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 199 адам жарақат алып, 39 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz
"Жүргізушілердің көлік жылдамдығын арттыруын, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуды болдырмау мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты –жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау, соның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару, жылдамдық режимі, басып озу, қарсы қозғалыс сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Олыста осындай шараларды өткізудің нәтижесінде былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 15,4%-ға (188-ден 159-ға), жараланғандар 23,5%-ға (260-тан 199-ға), ал қаза болған саны 4,9%-ға (41-ден 39-ға) азайды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.