• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2020

Маңғыстауда жылыту маусымы 15 қазанда басталады

270 рет
көрсетілді

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне газ талдағыштар мен датчиктерді орнатуға қаржы бөлу мәселелері қарастырылуда. Бұл туралы қоғамдық коммуникация ортылығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық  қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

"Өрттің алдын алу мақсатында және жылыту маусымына дайындық кезеңінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын ТЖМ тапсырмасына сәйкес, өртке қарсы іс-шараларды жаппай насихаттауға бағытталған "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы" өтеді. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен жүргізілген рейд нәтижесінде 648 үйде 749 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталған", деді Мұрат Мұханов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 9 айында облыс аумағында 178 өрт, тұрғын-үй секторында 65 өрт орын алды. Қаза тапқандар тіркелген жоқ. Газдан улану салдарынан 2 адам жарақат алды. Облыстың барлық елді мекендері орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген. Орын алған жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан туындаған.