• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2020

Атырауда "Сергекпен" 2513 құқық бұзушылық тіркелді

354 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 қыркүйектен бері Атырау қаласында "Сергек" камераларымен 2513 құқық бұзушылық  тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Құқық бұзушыларға 35 млн 983 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Айыппұлдың 3 млн 533 мың теңгесі өндірілген.

"Сергек" камералары облыс орталығындағы 153 желілік жол учаскеде, 51 жол қиылысында орнатылды. Соның ішінде 774 бейнебақылау камерасы бар. "Сергек" жүйесі бұрын орнатылған видеокамералармен біріктірілді. Бұл полицейлерге жолдың жүру бөлігін ғана емес, қалалық аулаларды, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындарды бақылауға мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, автокөлік иелеріне айыппұл туралы хабарламаны "Қазпошта", сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.