• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысында құс фабрикасы ашылады

164 рет
көрсетілді

Алдағы жылы Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауданында жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін іргелі кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Poultry-Agro ЖШС-і иелік ететін құс фабрикасы іске қосылса, 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаның жалпы құны – 5,5 млрд теңге.

Қомақты қаржының көлденең көк аттыға жем болмай, тиімді жұмсалуын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қамтамасыз ететін болады. Жемқорлыққа қарсы қызмет пен Poultry-Agro серіктестігі Protecting Business and Investments жобасы аясында өзара ынтымақтастық орнатып, осындай ұйғарымға келіп отыр. Екі жақты келісім шартына қол қою рәсімі "Қостанай – адалдық алаңы" жобалық офисінде өтті.

"Өзара әріптестік шеңберінде біз бизнес өкілдеріне түрлі бюрократиялық кедергілердің, мемлекеттік органдар тарапынан жасалуы мүмкін жөнсіз тексерістер мен тосын тосқауылдардың болмауын қадағалаймыз. Ал кәсіпкерге жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына себеп болатын жағдайларды туындатпай, заң шеңберінде ғана  жұмыс істеп, өз бизенсін адал жүргізу міндеті жүктеледі.   Біздің басты мақсатымыз – бизнеске қолайлы жағдай жасау және қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу", деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов.

Бүгінде Қостанай облысында Protecting Businessand Investments жобасы аясында жалпы сомасы 180 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан 44 кәсіпорын қорғауға алынған.  

Алайда кеңсе мамандарының айтуынша, соңғы уақытта өздерімен келісім-шартқа отыруға ниет білдірген кәсіпкерлер қатары көбейе түскен. Сондықтан алдағы уақытта инвесторлар құқығын қорғау бойынша жүргізілетін жұмыс ауқымы екі есе ұлғаймақ. Биылдың өзінде 100-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғап қалдық.

"Мұның сыртында, түрлі құқықтық кеңестер мен тәжірибелік көмек көрсетілді. Бизнес саласында туындаған мәселелердің оң шешім табуына Kazakh Invest АҚ, кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму   басқармасы, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП сынды тұрақты серіктестеріміздік көп көмегі тиіп отыр", деді «Protecting Business and Investments жобалық кеңсесінің жетекшісі Юлия Ярошенко.