Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 232 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған қоса 51 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32223, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26965 жетті.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 69 адамнан коронавирус індеті ПТР-тестілеу арқылы расталды. 170 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.