• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Ауылдар поштасыз қалмақ па?..

251 рет
көрсетілді

Ауыл болғанда да Баянауылдың тау баурайында отырған ел-жұрт – Бірлік, Торайғыр, Жаңажол, Қаратомар, Күркелі аталатын ауыл­дар. Рас, қазір ауылдар арасы сиреді. Қалаға көшу үрдісі әлі де жалғасуда. Сенатор Светлана Жал­мағамбетованың Сенат отырысында айтқанындай жалпы, оң­түстіктің тығыз орналасқан хал­­­­қын шынында да солтүстікке қа­рай көшірмесе, біздің ауыл­дар­дың бос қалатын түрі бар. Екінші ойланатын мәселе, ауыл­дағы қазақтың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайларын жақ­сарт­пай болмайды. Осыдан он шақты жыл бұрын Баянауылдың жиырма шақ­ты ауылы болашағы жоқ саналып, біржола жоғалып та кеткен бола­тын-ды.

Енді жетпегені осы еді, жоға­рыда аталған 5 ауылда пошта бө­лім­­шесі жабылмақшы болып отыр. Бұл жайында бізге ауданда баспасөзге жазылу барысына ар­­наған жолсапарда болған кезі­мізде аудандық пошта бөлі­мінің басшысы Төлеуғазы Мусин айтып берді.

– Баянауылда пошта бөлімі ашыл­ғалы 100 жылдан асып кетті. Біздің ойымыз ауылдарымызда бұрыннан келе жатқан пош­та бөлімшелерін сақтап қалуда болып тұр. Га­зет-журналдарға жазылу, оны тарату жайлы мүм­кіндік болмай да қалады. Ауыл­да пошта бөлімшесі болмаса, мектеп жабылса, ел кө­шіп кете­тіні белгілі, – деді ол біз­бен әңгі­месінде. Айтса айт­қандай, биыл «Қазпошта» АҚ басқармасы еліміз бойынша 320, біздің облыс бойынша 52 пошта бөлімшесін тиімсіз деп тауып, оларды жабу жөнінде шешім шығарған көрінеді. Бірақ, «Қазпошта» АҚ басқар­масы тиімсіз деп жауып тас­тамақшы болып отырған ауыл­дардың бә­рінде ел отыр ғой. Тіпті, Баян­ауылдың Бір­лік, Торайғыр, Жаңа­жол, Қаратомар, Күркелі ауылдары атына заты сай қаза­қылықтың қалпын бұзбай отыр­ған бір­тоға ауылдар. Төлеу­ғазы Му­синнің айтуынша, ауыл­­дағы пошта бөлім­шелерін сақ­тап қалудың бір жолы – аудандық пошта бөлімі қызмет көрсететін бюджеттік мекемелерге қосымша қаржы бөлу. Ал, ауданның шалғайдағы ауылдары саналатын Жаңатілек, Құндыкөл, Қызылтау, Теңдік, Ұзынбұлақ, Жайма жақтарына пошта жеткізу үшін автобус жүргізушілерімен шартқа отырып газет-журналдар жеткізеді екен. Өйткені, аудандық пошта бөлімінде пошта таситын бар-жоғы ескі 2 «Нива» көлігі ғана бар көрінеді.

Аудан бойынша газет жур­нал­дарға жазылу барысы да төмендеу екенін, енді қалған бір жарым айда тыңғылықты түрде қолға алып, жұмыс жасамаса, биылғы жылдың жазылымдарынан кеш қалулары да мүмкін екенін іш­кі саясат бөлімінің басшысы Тал­ғат Қылышбековтың есіне салдық. Қайтарда аудан әкі­мі Ернұр Айткеновке жолығып, мәсе­ленің мән-жайын айтып едік, «Қазпошта» АҚ басқармасы жүр­гізіп отырған шағын ауыл­дардағы пошта бөлімшелерін оңтайландыру жүйесіндегі бұл мәселеге түсіністік­пен қарай­мыз. Бі­рақ, қазір қолдан келген­ше 5 ауылдағы пошта бөлім­ше­лерінің жабылмауын қарас­тырудамыз, – деді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар