• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Болашақтықтардың лайықты үлесі бар

273 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат­шысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даяр­лау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті.

 

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хат­шысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даяр­лау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы өтті.

Мемлекеттік хатшы отырыс­ты аша отырып, Комиссия мүше­лерін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығымен құттықтады және Мемлекет басшысының жеке бастамасымен тағайындалған стипендия бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған аса маңызды сер­пінді жобалардың біріне айнал­ғанын атап өтті. «Болашақ» түлек­тері бүгінде қоғам өмірі мен мем­лекеттің барлық саласында еңбек етуде, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға лайық­ты үлестерін қосуда.

Республикалық комиссия шешіміне сәйкес, 66 адам магис­тратура (64 адам) және докторантура (2 адам) бағдарламалары бо­йынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, олар Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, ҚХР және Швейцарияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Таңдап алынған мамандықтар ауқымы да айтарлықтай кең. Олардың арасында ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік, экономика, қаржы және аудит, туризм мен спорт салаларындағы менеджмент, лингвистика және аударма ісі мамандықтары бар.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар