Тараз қаласында “Менің елім!” атты облыстық жастар форумы болып өтті. Бүгінде облыс тұрғындарының 30 пайызы – жастар. Бұл қуатты, күшті еліміздің өркендеу жолындағы игілікті істерге жұмылдыру үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Мысалы, өткен жылы 80 миллион теңге игерілсе, биыл жастармен жұмысқа 89 миллион теңге қарастырылыпты.
Форумға қатысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев жастардың бос уақыты, білім алуы, спортпен шұғылдануы және дипломды жас мамандардың ауылға барып еңбек етуі туралы мәселелерге назар аудару керектігін айта келіп, жоғары оқу орындарында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алатын 70 білімгерге өзінің грантын белгілегенін айтты.
Әкімнің бастамасын облыстағы жоо ректорлары қолдап отыр.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.