Бүгін, 4 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолдардағы ахуал келесідей:
Қостанай облысында
Сағат 14:00-ден бастап «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) қозғалыс шектелді. Шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көлік түрлеріне қатысты.
Маңғыстау облысында
Сағат 14:30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Таушық – Шетпе» автожолының 0-70 шақырым аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, бүгін республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде ауа райы күрт нашарлайды.