• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Қыркүйек, 2020

Еліміздің төрт облысында қолайсыз ауа райы күтілуде

684 рет
көрсетілді

Елімізде төрт облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы "ҚазГидромет" орталығы мәлімдеді. 

29-30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 29-30 қыркүйекте түнде және таңертең Петропавлда тұман түседі.

29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 29 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең түнде Қарағанды қаласында тұман түсуі ықтимал. 29 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең түнде және таңертең Көкшетауда тұман түседі. 29 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Ертең таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғады.