• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қыркүйек, 2020

Қоғамдық бақылау медициналық ұйымдар жұмысын тәртіпке келтіреді

277 рет
көрсетілді

Күн сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалына азаматтардан МӘМС жүйесі бойынша түрлі сұрақтар түседі. Бұл бағытта филиал ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

Медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, оның ішінде ТМККК аясындағы және МӘМС жүйе­сіндегі меди­ци­на­лық қыз­мет­тер, сондай-ақ пациент­тер­дің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдерін анық­тау мақ­са­тында қордың ел­ор­­дадағы филиалы «Құпия па­циент» жобасы аясында медицина ұйымдары қызметкерлеріне қоңырау шалып, олардың білік­тілігін тексерді. Жобаға 35 ме­дициналық ұйым енді. Екі кезең­мен өткізілген қоңырау шалу нәтижелері бойынша қордың Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша қызмет жеткізуші – медицина ұйымдары арасында қыз­мет­керлер жауабына қана­ғат­тан­бай­тын пациенттер көр­сет­кі­ші 64%-дан 33,5%-ға азайды.

Сондай-ақ анықталған мәсе­ле­лер негізінде филиал оқу-үй­ре­ту материалдарын әзірлеп, медицина ұйымдарындағы «бестікке» арналған оқу-үйрету шараларын өткізді.

«1 шілде мен 18 қыркүйек ара­лы­ғында халықты ақпа­рат­тандыру және өтініш­тер­ді қарас­ты­ру бөлімінің қыз­мет­керлері телефон арқылы және келіп сұра­ған азаматтарға 1215 кеңес берді. Көрсетілген ке­ңес­тер қорытындысы бойынша тұрғындардың сақтандыру мәртебесінің болмауы, олардың уақтылы медициналық көмек алуына кедергі келтіретінін түсі­ну­ге болады», дейді «Әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің бас сарапшысы Жанаргүл Үмбетова.

Тұрғындар тарапынан қо­ғам­­дық бақылау бір жағы­нан Әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру қорына бұрма­лау­шы­лықтарды анық­тау­ға көмек­теседі, екінші жағынан меди­ци­­налық ұйымдар жұ­мы­сын тәр­тіпке келтіреді. Сон­дық­тан аза­маттарды мо­биль­ді қо­сымшаларда өз дерек­терін тек­серуге және сәй­кес­сіздіктер анық­талған жағ­дай­да қордың елор­далық филиалына хабар­лау­ға шақырамыз. Сондай-ақ 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мо­бильді қосымшасы арқылы ха­бар­ласуға болады.

Әлеуметтік медициналық сақ­­та­ндыру қорының Qoldau-24/7 мобиль­ді қо­сым­ша­сы Android смарт­фондары үшін Play Market арқылы, Apple смарт­фон­­дары үшін App Store арқылы жүк­те­ле­ді.