• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентін жеңісімен құттықтады

204 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонға оның Тәжікстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың сайтына сілтеме жасаған Egemennews.kz тілшісі хабарлады.

Өз құттықтауында Қазақстан Президенті сайлаудағы жеңіс Тәжікстан халқының Э.Рахмонға және оның елдегі тұрақтылықты сақтау, тұрғындар әл-ауқатын арттыру бағытына деген жоғары сенімінің белгісі екенін атап өткен. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қызметі елдің одан әрі өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.

«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастықтың аясы біздің бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алда да кеңейіп, нығая түсетініне сенемін», – делінген жеделхатта.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Э.Рахмонға зор денсаулық және жаңа табыстар, сондай-ақ достас тәжік халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген.    

Соңғы жаңалықтар