• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Эмомали Рахмон Тәжікстанды басқара береді

284 рет
көрсетілді

Тәжікстанның іс басындағы президенті Эмомали Рахмон президенттік сайлауда алдын-ала болжам бойынша 83,6 пайыз дауыс жинаған. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Тәжікстан сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Шермухаммад Шохиён: «Тәжікстан президенттігіне үміткерлердің бірі – Эмомали Рахмонды 3 миллион 23 мың 754 сайлаушы қолдап дауыс берді, ал, қалған үміткерлердің жинаған дауысы 5 пайызға да жете алмады», – деді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының сөзіне қарағанда, сайлау әділ, заң талаптарына сай өткен.

Тәжікстандағы президенттік сайлауға ел халқының 86,6 пайызы қатысқан.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар