• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Павлодарда түрме басшылары 62 млн. теңгені қолды еткен

387 рет
көрсетілді

Павлодар облысы қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының бұрынғы басшылары облыс орталығында түрме құрылысын салу кезінде 62 млн. теңгеден астам ақшаны талан-таражға салған. Бұл туралы аймақ қаржы полициясының дерегіне сүйенген Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Павлодарда өмірлік жазаға кесілгендер түрмесі құрылысын құрылысын салу кезінде бюджеттің ақшасын ұрлауға облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының бұрынғы бастығы мен оның екі орынбасарының қатыстары болып шықты. Тергеудің мәліметтері бойынша, орынбасарлар осы қызметтерін 2005 жылдан 2008 жылға дейін атқарған. Қылмыстық істер материалдарында сондай-ақ басқарманың бұрынғы басшысына жеке өндіріс арналғаны айтылған. Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысында құрылыстың көлемі мен өзіндік құны іс жүзінде атқарылған жұмыстарға сәйкес келмейтіні атап көрсетілген. Бұдан басқа, атқарылған жұмыстар ретінде актіде көрсетілгенімен, орындалмай қалған жұмыстардың ауқымы 62 млн. теңгеден асатын болып шықты. «Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының басшылығы 2007 жылы меншікті үшінші қолға өткізу мақсатында «Еңбек-Тас» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен қылмыстық келісімге келген. Соның нәтижесінде кәсіпорын Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бұйрығына сәйкес «Химпром» акционерлік қоғамының екі бос тұрған корпусын 1500 орындық айрықша режімдегі түзету колониясына айналдыруға арналған жаңғырту жұмыстарының бас мердігері болып табылды», - деп хабарлады қаржы полициясынан. Сот қолтаңбалық сараптамасы «Еңбек-Тас» МКК директорының жалған актілерге қол қою арқылы 18 млн. теңгеден артық ақшаны ұрлағанын анықтады. Оның орынбасары қызметтік жалғандық жасау арқылы іс жүзінде орындалмаған жалпы құны 20 млн. теңгені құрайтын құрылыс-құрастыру жұмыстарының атқарылғаны жөніндегі актіге қол қойған. Осыған байланысты бұл тұлғаларға да қызметтік жалғандық, бюджет қаржысын талан-таражға салу, сондай-ақ алаяқтық баптары бойынша айып тағылып отыр. Еске сала кетейік, Павлодарда аталмыш түрменің құрылысын салу 2004 жылы басталды. Оған 3,86 млрд. теңге ақша жаратылды. Бөлінген барлық ақша толық игерілді. Бірақ нысан сол қалпы пайдалануға берілмей қалды. Құрыш Нұрымбет.
Соңғы жаңалықтар