• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 29 Қыркүйек, 2020

Шымкенттіктердің ең көп тұтынатын тағамы – сүт пен сүт өнімдері

600 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдарының бірі – сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ал шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен.

Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсаған шығыстарының көп үлесі ет және ет өнімдері мен нан өнімдері, жарма өнімдері, сүт және сүт өнімдеріне тиесілі болған.

Айта кетейік, қалада сегіз айдың ішінде 100 миллион данадан астам  жұмыртқа мен 35,2 мың тонна сүт өндірілген.  Ал ет өндірісі 1,1 процентке артып, 10,6 мың тоннаны құраған.