• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елбасы 29 Қыркүйек, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев "Шымкент ескі қалашығы" археологиялық нысанында болды

367 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.