Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 30 қыркүйекте онлайн режимде "Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Онлайн бас қосуда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктің басшылары мен оқытушылары пікір алмасып, ұсыныстарын айтады.
Шарада Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра» Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин баяндама жасайды.