• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қыркүйек, 2020

Қатты нөсерден Ыстамбұл көшелерін су басты

347 рет
көрсетілді

Сейсенбіде Ыстамбұлға соққан нөсер нөсер қаланың көшелерін және жер асты өткелдерін су басуына әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ыстамбұлдағы NTV телеарнасы таратқан видеокадрларда жертөлелер мен көліктерді су басқанын, көше бойын жауын суы жайлағанын көруге болады. Құтқарушылар адамдарды су астында қалған үй мен көліктен эвакуациялап жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қала мериясы тұрғындарды сақ болуға шақырды. Метеорологтардың айтуынша, нөсер бірнеше сағат ішінде тоқтайды.

Сондай-ақ, осы мезетте қаланың екінші бөлегінді үлкендігі грек жаңғағындай болатын бұршақ та жауып өткен.