Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Облыс басшысының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол отставкаға кету туралы өтініш берген, деп хабарлайды Egemen.kz
Қостанай облысының әкімі өтінішті қолдап, қол қойды. Бүгіннен бастап Ғаязов қызметінен босатылды. Бақытжан Ғаязов тоғыз жыл бойы Рудный қаласының әкімі болған.
Еске сала кетейік, шілде айында Рудный әкімі аппаратының басшысы қашар әкімінен бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.