• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Қыркүйек, 2020

Елордадағы айналма жол толығымен жабылады

255 рет
көрсетілді

30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.