Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, №20 мектеп-лицейінің ғимаратынан кезекші сыныптағы 124 оқушы мен 14 мұғалім, сонымен бірге 30 қызметкер шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған аталған білім ордасына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпараттың тарауы себеп болған.
Өйткені...
"1996 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Тексеру кезінде мектепте орнатылған бейнекамералардағы жазбалар толық қаралды. Нәтижесінде қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ. Мектеп-лицейге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат жалған", деді облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.