• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2020

Атырауда балық қорына қол сұққандарға 1,1 млн теңге айыппұл салынды

561 рет
көрсетілді

Өңір полицейлері "Бекіре" операциясының күзгі кезеңін өткізіп жатыр. Бұл алдын алу шарасы 31 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бекіре" күзгі операциясы басталғаннан бергі үш патада балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 88 құқық бұзушылық анықталды. Қазір полиция қызметкерлері 6 дерекке байланысты ҚР  Қылмыстық Кодексінің 335-ші және 339-бабымен сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізуде. Осы кезеңде заңсыз айналымнан 1,6 тонна балық, оның ішінде 1093 кило бекіре тұқымдас балық, 2 килоға жуық қара уылдырық, 5 жүзу, 86 аулау құралы тәркіленді. Сонымен қатар, осы кезеңде 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 486 мың теңгесі өндіріліп алынды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.