Қазақстанда еуро бағамы тағы да көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz KASE деректеріне сілтеме жасап.
Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.30-ға 507,51 теңгеге жетті. Бұл кешегі курспен салыстырғанда 5,51 теңгеге артық. Алматының айырбас орындарында еуроны сатудың орташа бағамы 507,5 теңге, сатып алу - 504,82 теңге. Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде еуроны орташа есеппен 507,96 теңгеден сатады, 505,53 теңгеден сатып алады.