• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қазан, 2020

Чехияда індеттің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіледі

139 рет
көрсетілді

Чехияда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz rg.ru газетіне сілтеме жасап.

Чехияның Денсаулық сақтау министрі Роман Примула елде 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілетінін айтты. Билік оны 30 күнге енгізуді жоспарлап отыр. 

Дүйсенбіден бастап инфекцияның тез таралуы байқалатын мектептер екі аптаға жабылады. Атап айтқанда, Прагадағы және оған іргелес аудандардағы мектептер  жұмысын уақытша тоқтатады. 

Қазір Чехияда 33,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың 820-сы ауруханаларда ем алуда. Дәрігерлердің айтуынша, 187 науқастың жағдайы ауыр.