• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2020

Әскери қызметшілер қарттардың мерзімді басылымдарға жазылуына демеуші болды

210 рет
көрсетілді

Халықаралық қарттар күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері демеуші болып қарттарды республикалық және өңірлік мерзімді басылымдарға жазуды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Аға буын өкілдері мерзімді баспасөз басылымдарының тұрақты оқырмандары екені мәлім. Мереке күніне орай ол кісілерге игілікті іс жасап, қарапайым сыйлық жасауды ұйғардық. Енді қарттар үйінің тұрғындары баспасөз басылымдарын тұрақты түрде алады", - деп атап өтті әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Келесі жартыжылдықтан бастап Алматы қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының кітапханасына республикалық және өңірлік баспасөз басылымдары келіп тұратын болады.