Қызылқоға ауданындағы Қоғам елді мекенінің маңындағы «Мәтен қожа» қауымындағы зираттарды қиратып, түнек үйін өртеген бұзақы ұсталды. Бұл оқиға 27 қыркүйекте сағат 13:38 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызылқоға ауданының тұрғыны «Мәтен қожа» қауымындағы түнек үйі мен сарайды өртеп, 13 адам жерленген зираттар мен құлпытастарды сындырған. Осыған орай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінже осы ауданның 1977 жылы туған тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қамауға алынған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 314-бабымен (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.