Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖДГМ-172/10 мекемесінде «1 қазан–халықаралық қарттар күні» мерекеленді. Бұл туралы ҚАЖДГМ-172/10 баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық қарттар күні біздің елімізде 1991 жылдан бастап 29 жыл бойы қазан айының бірінші күні аталып өтілетіні белгілі. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында жарияланды.
Осы күн аясында арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт аға буындағы сотталғандарды құрметтеу бойынша мерекелік концерт өтті. Бұл іс-шараның әртістері сотталғандардың өздері болды.
"Көрермендер-сотталғандар үлкен қызығушылықпен қарттарға құрмет пен мейірімділік тақырыбында спектакльді тамашалады, содан кейін қойылымның сюжеттік желісін талқылады, сондай-ақ өлеңдер мен мерекелік әдемі және көңілді құттықтаулар, музыкалық слайд-шоуды көрумен шынжүректен тілектер айтылды. Мереке күлкіге, жылулыққа, қайталанбас атмосфераға толы болды", дейді ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет майоры Г.Вебер.