• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Құлан ауылындағы қайырымдылық

402 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде карантин талаптары біршама жеңілдетілгенмен, қауіпті індетпен күрес әлі толас­таған жоқ. Азаматтардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында мемлекет тарапынан да, кәсіп­керлердің тарапынан да тиіс­ті қолдаулар көрсетіліп жатыр.

Ел ішінен шығып, елге көмек қолын созған жомарт жандар жетерлік. Бұл іске жамбылдықтар да бір кісідей атсалысып, жерлестеріне көмек беруде. Мәселен, жуырда ғана Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тумасы, бұл күнде Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, генерал Ардақ Әшімбекұлы өзінің және отбасының атынан аудандық орталық ауруханаға 10 млн теңгеге тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдық­тар сатып алып берді. Оның ішінде фармацевтикалық тоңазытқыш, дезкамера, дозатор, «Бобров» жабдығы, ауа рециркуляторы, жылжымалы кварц лампасы, медициналық бетперделер мен қолғаптар, көзілдіріктер және жеке қорғаныш киімдері де бар.

«Коронавирус індетімен күреске өзінің азаматтық үлесін қосып келе жатқан осындай жомарт жандардың бар екені көңілге қуаныш ұялатады. Пандемия кезінде жерлестеріне қолұшын созып, демеушілік көрсеткен азамат Ардақ Әшімбекұлына алғысымызды білдіреміз. Мұндай медициналық құрал-жабдықтар қауіпті індетке шалдыққан науқастардың тезірек сауығуына, отбасына аман-есен оралуына септігін тигізеді деп сенеміз», дейді Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Көшербекқызы.

Жалпы, аудандық аурухана коронавирус індетінің екінші толқынына толығымен дайын. Құрал-жабдықтары сақадай сай. Бүгінде аталған медици­налық нысаннан барлығы 200 төсектік емдеу орындары ашылған.

 

Жамбыл облысы