• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қазан, 2020

Еуразиялық патенттік ұйымның марапаты

146 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі және «Ұлт­тық зияткерлік меншік инс­титуты» РМК (KAZPATENT) ұсынуы бо­йын­ша Еуразиялық патенттік ұйым­ның әкімшілік кеңесінің 36-оты­рысы шешімі­мен зияткерлік мен­шік сала­сы­ның құрметті марапа­ты – «Өнертапқыштық және па­тент­тік іске қосқан үлесі үшін» В.И.Блин­ников алтын медалімен ме­ди­цина ғылымдарының докторы, про­фессор, Ресей Федерациясы Ғылым академиясының және Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғы­лым академиясының акаде­мигі, өнер­тапқыш Төрегелді Шар­манов және тау-кен және мұнай сала­сындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі еліміздегі Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласының Әділет депар­таментінің басшысы Абай Арап тапсырды.

Әділет министрлігі және KAZPATENT Төрегелді Шар­ман­овты және Satbayev University қыз­­мет­­­керлерін лайықты марапат­тары­мен құттықтай отыра, зият­кер­лік меншік саласындағы кәсіби қыз­­метінде сәттілік тілейді, дейді Әді­лет министрлігінің баспасөз қызметі.