• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 04 Қазан, 2020

Қазығұртта 3 баласын ұрып соққан әке жауапкершілікке тартылады ма?

2547 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің 3 баласын аяусыз ұрып-соғып жатқан видеосы әлеумет желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Видеоны белгілі журналист Жазира Бегалы өзінің Facebook-тегі парақшасына жүктеп, тиісті заңды органдардан көмек сұрады. Жазбада Ержан есімді азамат әйелімен қоса, балаларын да ұрып соғатыны айтылған.

Осығай сәйкес Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі орын алған жайтқа байланысты ресми жауап берді.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша тіркеді. Күдікті азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда", делінген хабарламада.