• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қазан, 2020

Жаралы балапан

326 рет
көрсетілді

Прорва кен алаңынан «қара алтын» өндіруші мұнайшылар он күн бұрын аққудың жаралы балапанын тауып алды. Қанаты сынып, ұша алмай қалған балапан ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының маңына құлаған екен.

«Жылыоймұнайгаз» басқармасы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Қази Бисеновтің айтуынша, мұнайшылар балапанды бірнеше күн тамақтандырып, күтім жасаған. Кейін басшылардың рұқсатымен «Каспий самалы» вахталық кентке әкеліп, жарақатының жазылуын күткен.

– Балапанның жарақатының жазылуын 10 күн күттік. Арада осынша күн өткенде Қамыскөл көлінде бір топ аққудың жүзіп жүргенін естіп, балапанды көлге жібердік. Сол кезде балапанның аққуларға асыға жеткен сәті ерекше есте қалды, – дейді Қази Бисенов.

 

Атырау облысы