Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 608, 360 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 507 жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.