• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2020

Жеңіс Қасымбек Абай ауданына жұмыс сапарымен барды

97 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Абай ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақ басшысы Дубовка ауылында бюджет қаржысы қандай бағыттарға жұмсалғанын қарап шықты. Аудан әкімі Бауыржан Асановтың айтуынша, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша мұнда стадион мен білім беру орталығы жөнделді. Үйлер арасында серуендеу алаңы абаттандырылды. Кентте облыстық бюджет қаражатына су құбыры желілері жөнделуде.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша Абай ауданында 1,2 млрд теңгенің 42 жобасы жүзеге асырылуда. 349 жұмыс орны құрылған. Аудан әкімінің мәліметінше, 15 елді мекенде жолдар мен жарықтандыру ретке келтіріліп, 9 білім беру нысаны мен екі аурухана жөнделді.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ егін жинау нәтижелерімен танысты. Абай ауданында 50-ге жуық шаруа қожалығы картоп пен көкөніс өсіреді. Облыс әкімі жыл сайын облыстың тұрақтандыру қорын толықтыруға көмектесетін "Поливное" және "Шанс" шаруа қожалықтарында болып қайтты.