Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаның қашықтан оқытудағы интернет желісіне еш қатысы жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
"27 қыркүйекте Қызылқоға ауданының Жантерек елді мекеніндегі штаттық режимде жұмыс істейтін №75 бастауыш мектептің 3 сынып оқушысы қырдағы атасының үйіне барғаны анықталды. Оқушы трактордан құлап, қолын ауыртып алған. Анасы оны Атырау қаласына әкеліп, қолына гипс салдырған. Қазір мектептегі сабағына қатысып жүр.
Сондай-ақ Атырау қаласының маңындағы Тасқала елді мекенінде орналасқан №32 орта мектептің 9 сынып оқушысы 1 қазанда үйінің шатырынан құлап, қолын сындырып алған. Ол ата-анасына көмектесу үшін жаңадан салынып жатқан үйдің шатырына шыққан. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Сабақты қашықтан оқиды", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.