Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, хабарлайды Egemen.kz.
"Олардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болғандығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны ауру туыстарынан жұқтырғаны анықталды. 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен барған кезде анықталды. 1 оқушы - бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында профилактикалық тексеруден өтер кезде табылды", деді ол.
Ал, мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус ауруы болған жоқ. Мектеп оқушылары мен Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін мектеп оқушылары үшін қашықтан оқыту форматы енгізілді. Сонымен қатар ата-аналары қадағалауға мүмкіндігі жоқ балалар үшін 178 мектепте 11942 оқушыға арналған 917 кезекші сынып ашылды. Мұнда барлық профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып білім алуға жағдай жасалды (9,8% бастауыш сынып оқушылары).