Бұл туралы alau.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қостанай облысының полиция бөліміне 30 қыркүйек күні сағат 18:36-да Алтын-Дала ауылында су құбырларын тарту жұмыстары кезінде топырақтың опырылып құлағаны туралы хабарлама түскен.
Салдарынан 16 жасар жасөспірім топырақ астына көміліп қалған. Кәмелетке толмаған бала жұмысшы болып істеген.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.