Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік әкімшілендіруді цифрландыру және жаңғырту шеңберінде, 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап Комитетте "Электрондық декларациялау орталығы" пилоттық жобасы іске қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Пилоттық жобаның мақсаты тауарларды ішкі тұтыну үшін рәсімдеу кезінде Комитеттің құрылымдық бөлімшесі деңгейінде кедендік өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, кедендік бақылауды барынша орталықтандыру арқылы кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыру.
"Пилоттық жобада кедендік құнды анықтауына, тауарларды жіктеудің дұрыстығына,сондай-ақ жеңілдіктер мен босатулар берудің заңдылығына құжаттық бақылау жүзеге асырылады. Бұл ретте тексеру үшін, қажетті құжаттар мен мәліметтерді сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Астана-1 АЖ арқылы ұсынады", делінген ақпаратта.
Бірінші кезеңде Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кеден бекеттері пилотқа қосылды. Алдағы уақытта басқа аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын біртіндеп қосу жоспарлануда.
Электронды декларациялау орталығында рәсімдеудің артықшылықтары:
- тауарлардың кедендік құнын бақылау процесі Комитеті деңгейінде орталықтандыру, бұл баға саясатымен қабылданатын шешімдердің біркелкілігіне әкеледі;
- тексеруші уәкілетті лауазымды тұлғамен декларанттың байланысы жойылу, өйткені барлық өзара іс-қимыл ақпараттық жүйе арқылы тек электрондық нысанда жүргізіледі;
- сыртқы сауда жүктерінің логистикасына арналған шығындарды оңтайландыру, себебі тауарды декларациялау үшін декларанттың орналасқан жері маңызды емес, бұл ретте тауарлар кез келген шекара маңындағы терминалдарда орналастырылуы мүмкін.