Физиология және медицина саласындағы биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары Харви Ольтер және Чарльз Райс атты екі американдық пен британдық Майкл Хоутон болды. Белгілі сыйлық лауреаттарға С гепатиті вирусын ашқаны үшін берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ольтер, Райс және Хоутонның ашқан жаңалығы С гепатитімен күресте маңызды рөл атқарады. 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А гепатиті мен В гепатитінен басқа, оларға ұқсас тағы бір ауру бар екенін көрсетті.
Еске сала кетейік, биыл Нобель сыйлығы пандемияға байланысты онлайн табысталады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтті. Марапаттар жеңімпаздарға елшіліктер немесе университеттер өкілдері арқылы беріледі.