• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қазан, 2020

Цифрлы мемлекет құрудың қарқыны қалай?

1367 рет
көрсетілді

Жалпы әлем бойынша цифрландырудың өзектілігі әлдеқайда артып отыр. Денсаулық сақтауды, білім беруді, мемлекеттік басқаруды, мемлекетаралық қатынастарды, экономиканың сан саласын цифрландыру күн тәртібіндегі аса маңызды мәселеге айналды. Цифрландыру елімізде қалай жүргізіліп жатыр?

 

3 жылда не істелді?

COVID-19 вирусының таралуына байланысты көктемде елімізде төтенше жағдай жа­рия­ланғанда саладағы олқы­лық­тардың орны ойсырап көрініп қалғаны белгілі. 10 сәуірде Тө­тенше жағдай жөніндегі мем­ле­кеттік комиссияның отыры­сында Президент Қ.Тоқаев пост­пандемиялық кезеңде қалып­тасқан жағдайдан сабақ шығару керектігін айтып, IT-саланы жаңа сапалық деңгейге көшіруді мін­деттегені соған байланысты.

– Ең бастысы, шын мәніндегі цифрлы мемлекетке айналу үшін IT саласын сапалы жаңа дең­гейге шығару жоспарын дайындау қажет. Елімізде келесі жыл тиімді цифрландыру аясында өтуі тиіс, – деген Мемлекет басшы­сы жаңа тәжірибелерді ескере отырып, «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасын қосымша қаржылық шығындарсыз қайта қарауды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру мен ғылымды түбегейлі реформалауды тапсыр­ған-ды.

Президент биылғы Жолда­уын­да да осы салаға ерекше назар аударды.

Жалпы, елді цифрлан­ды­­­рудың маңызы айтылып жүргеніне біраз болды. «Цифр­­­лы Қазақстан» бағ­дар­ла­­масының қолға алынға­ны­на да 3 жылға жуықтап қалды. Осы аралықта не тындырылды? Осы сауалға жауап берген Цифр­­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нис­тр­лігі Цифрландыру депар­таменті директорының орынбасары Раушан Шаухина бірқатар көрсеткіштерді тілге тиек етті.

– Жетекші әлемдік рейтинг­терде Қазақстан жоғары орын­дарға ие. Мысалы, биыл БҰҰ-ның элек­трондық үкіметтің даму ин­дексі жөніндегі рейтингінде елі­міз 29-орынға көтерілді. 2018 жылы 39-орынды иеленген болатынбыз. Осылайша, Қазақ­стан Азия елдерінің Топ-10 көш­басшыларының қатарына кіріп, Орталық Азияда көшбасшы атанды. Қазірдің өзінде электрондық мемлекеттік қызметтер деңгейі 83,7%-ға жетті, биыл 90%-ға қол жет­кізу жоспарланып отыр. Ал халқымыздың цифрлық сауаты өт­кен жылдың қорытындысы бо­­йынша 82,1%-ды құрады, – деді ол.

Комитет төрағасының ай­туын­­ша, Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша көш­бас­шылардың бірі саналады. Бү­гінгі таңда халықты кең жолақ­ты интернетпен қамту 98%-ды құрайды.

Жалпы, елімізде тиісті ақпа­рат­тық-коммуникациялық тех­но­­логиялардың инфра­құры­лы­­мы құрылды деуге болады. Соң­ғы бірнеше жылда сала­да нор­­мативтік-құқықтық не­гіз қа­­­лыптасты, жоғары техно­ло­гия­лық жобаларды іске асыру үшін қажет адам капиталы да жетіліп келеді.

– Осыған байланысты күшей­туді талап ететін келесі кезең – эко­­номика салаларын цифр­лан­­дыру. Өйткені дәл осы жерде цифрландырудан барынша эко­­номикалық нәтиже алуға бо­­лады. Ол үшін Қазақстанда цифр­­­лан­дыруды дамытудың жаңа тә­сілдерін әзірлеу және олар­­­ды «Цифрлы Қазақстан» мем­­лекеттік бағдарламасына ен­­гі­зу мақсатында жұмыс топта­ры құ­рылып, оған мемлекет­тік ор­­ган­дар­дың, биз­нестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­­дері кірді. Өткізілген ке­ңес­тер­дің қорытындысы бо­йынша ха­лық­аралық тәжірибе не­гі­зінде түрлі салада «техно­логиялық платформаларды» қа­лып­тас­тыруға бағытталған мем­ле­кет­тік бағдарламаның жаңа тұ­жы­рымдамасы қалыптасты. Тех­нологиялық платформалар де­ректерді талдау, жасанды интеллект, блокчейн, заттар интернеті, бұлтты есептеулер және барлық интернет-қызметтер сияқты жылдам дамып келе жатқан цифрлық технологиялардың негізі болып саналады. Цифрлы деректер мен платформаларды тарату дамудың көптеген жаңа мүмкіндігін жасай алады. Бұл экономикалық және әлеуметтік нәтижелерді жақ­­сартуға ықпал етеді. Иннова­цияларды дамытуға және еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал ете­ді. Платформалар ұсынатын инфра­құрылым байланыс, операциялар, ақпарат алмасу және өзара іс-қимыл тиімділігінің өсуін қам­­тамасыз ете алады. Жасанды интеллект, Индустрия 4.0, Smart City, GovTech, Электрондық өнер­­­кәсіп, GeoTech, GreenTech, SpaceTech, AgriTech, FinTech жә­не бас­қаларын ең перспективалы жо­балар деуге болады, – дейді Р.Шаухина.

 

Цифрландырудың тоғыз бағыты

Жалпы, мемлекеттік бағ­дар­ламаны негізгі тоғыз бағыт бо­йын­ша іске асырады. Олардың әрқай­сысына тоқталар болсақ, бірінші бағыт – әлеуметтік қатынастар саласын цифрландыру. Оның аясында әлеуметтік қорғау, жұ­мыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелерін цифрландыру көзделген. Екінші бағыт – Ин­­дустрия 4.0, яғни еңбек өнім­­ділігін арттыратын және ка­пи­­талдың өсіміне жол ашатын сер­­пінді технологиялар мен мүм­кіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салалары қайта құрылады.

AgriTech – цифрлық тех­но­логияларды қолдану, ақылды фер­малар элементтерін енгізу, тұ­қымдық және генетикалық әле­уетті дамыту арқылы ауыл ша­руашылығы саласын қайта құ­ру, сондай-ақ қоршаған орта­ны және табиғи ресурстарды қор­ғау саласын цифрландыру ба­ғыты. Төртіншіден, GovTech тех­но­логиялық платформасын да­мыту арқылы мемлекеттің функ­цияларын халық пен бизнеске қыз­мет көрсету инфрақұрылымы ре­тінде қайта құру жоспарланған. Яғни халық пен бизнестің сұ­ра­нысын болжау, сондай-ақ де­рек­терді беру, сақтау және өң­деудің жоғары жылдамдықты әрі қор­ғалған инфрақұрылымы дамы­тылуға тиіс.

Smart city – қала ортасының сапасын жақсартуға, теңгерімді қала құрылысына және тұрақ­ты қалалық дамуға бағытталған қайта құру бағыты. Алтыншы бағыт – ішкі істер органдарын цифрландыру арқылы бұл құ­рылымның ашықтығын арттырып, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

– FinTech – банк және қар­жы салаларындағы клиенттермен өзара іс-қимыл жасау үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистерді қолда­на отырып, қаржылық қызметтер мен электрондық сауданы дамы­ту бағыты. Сегізінші бағыт – жа­санды интеллектіні дамыту. Бү­гінде деректердің қарқынды түр­­де көбейгеніне байланыс­ты оны дәстүрлі аналитикалық құ­­ралдармен тиімді пайдалану мүм­кін емес. Сол үшін шешім қа­былдау мен қызмет көрсетуде жа­санды интеллектінің көмегімен жаңа сапалы деңгейге көшу қа­жет, – дейді Цифрландыру депар­таменті директорының орынбасары.

Тоғызыншы бағыт, иннова­ция­лық экожүйе бойынша тех­но­логиялық кәсіпкерлік пен ин­но­вацияның дамуына жағдай жа­сау үшін бизнес, ғылым сала­сы және мемлекет үшеуінің ара­­сында байланыс орнатылады. Мем­ле­кет инновацияларды ге­нерациялауға, бейімдеуге және өндіріске енгізуге қабілетті эко­жүйенің катализаторы рөлін ат­қарады.

Р.Шаухинаның айтуынша, осы тоғыз бағыт шеңберінде 21 міндет пен 200-ден астам іс-шара жоспарланды, оның қалай жүзеге асып жатқаны, қол жеткізілген алғашқы нәтижелер таяу жылдар ішінде айқын көрінуге тиіс.

Цифрландырудың негізгі ті­регі сапалы интернет екені тү­сінікті. Үкіметтің өткен аптадағы селекторлық отырысында Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасаған болатын. Министрдің интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылып жатқанын айтты. Бірінші жоба бойынша мемлекет-жекемен­шік әріптестігі арқылы 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға оптикалық интернет же­лісі тартылуда. Былтыр 56 ауыл­ға оптикалық желі жеткен болатын, биыл барлығы 944 ауыл қосылады. Бұл жұмысқа 75 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды.

Екінші жоба – 250 адамнан көп тұрғын бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы ­бо­йынша мобильді интернетке қосу. Оған еліміздегі ұялы операторлар белсене атсалысуда. Жұ­­­­мысты ойдағыдай аяқтау үшін мо­бильді операторларға ар­­найы салық төлемдерін төмендету сияқ­­­ты жеңілдіктер жасалғанын айта кету керек.