• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2020

Оралда жол апатынан бір әйел қаза тапты

257 рет
көрсетілді

2020 жылғы 6 қазанда сағат 10.40-та Саратов тас жолының бойындағы Пятимар көшесімен қиылысқан жерде «КАМАЗ» және «ВАЗ-2108» маркілі автомашиналары соқтығысып, бір адам қаза болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апатынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, ал сол көлікте болған жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмған.

«Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Айта кетейік, 2020 жылғы 9 айда облыс жолдарында 213 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 50 адам көз жұмып, 251 адам әр түрлі дене жарақатын алған. Ал 2019 жылғы 9 айда – 226 апат болып, 78 адам қаза тапса, 294 адам жарақат алған еді.

Биыл жыл басынан бері балалар зардап шеккен 28 жол апаты болып, 1 бала көз жұмған, 31 бала жарақат алған. Ал 2019 жылғы 9 айда – 5 бала қайтып, 50-і жарақат алған еді.

Аңдап қарағанда өткен жылғымен салыстырғанда жол апаты саны азайғаны көрінеді. Бірақ бұл наурыз бен маусым аралығында Қазақстанда енгізілген карантиндік шектеу нәтижесі екендігі белгілі. Шектеу аяқталғаннан бері өңірде жол-көлік оқиғалары қайта көбейіп барады. Екі күн бұрын ғана осы Саратов күре жолында болған апаттан екі адам қаза тапқан болатын.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда жүру ережелеріне немқұрайлы қарамай, ереже сақтауға, жаяу жүргіншілерді жолдың белгіленген бөлігінен ғана өтуге шақырып жатыр.

 

Батыс Қазақстан облысы