Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшыларын облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындайтын болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.
"Облыстық деңгейде орталықтандыруды ескеріп, облыс әкімдіктерінің алдында барлық білім беру ұйымдарын орналасқан жеріне қарамастан теңгерімді әрі атаулы қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша міндет жүктеледі. Министрлік білім беру басқармаларымен өзара тығыз қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, өз шешімдерін барынша тиімді қабылдай алады және елдегі әрбір мектепке немесе балабақшаға әдістемелік көмек көрсетеді. Осы өзгерістерге байланысты білім беру бөлімдерінің басшыларын тағайындау процедурасы өзгереді. Енді оларды әкімдер емес, облыстық білім беру басқармаларының басшылары тағайындайды", деді Бибігүл Асылова.