• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қазан, 2020

Киевте мәдени ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды

239 рет
көрсетілді

Елші Дархан Кәлетаев Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченкомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде шығармашылық топтармен алмасу, сондай-ақ бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігімен этносаралық қатынастар және диаспора саласындағы өзара әрекеттесуінің мәселелері де талқыланды.